Көк туды қорлап, суретке түскен: Жас қыздардың аналары жазаланды

185

"Ozon"-нан талапқа сай келмейтін Мемлекеттік Туға қатысты барлық жарнама өшірілді. 

Көк туды қорлап, суретке түскен: Жас қыздардың аналары жазаланды Фото: Атырау облыстық полиция департаменті

Атырауда Мемлекеттік Туды қорлап, суретке түскендердің қандай жазаға тартылғаны белгілі болды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бас прокурордың хабарлауынша, Атырау облысындағы оқиға бойынша құқыққа қайшы əрекет жасаған 4 қыз Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігімен (Ұсақ бұзақылық) əкімшілік жауапқа тартылды. Ресми жауапта заң бұзғандардың аты-жөні жазылған. Берік Асылов берген мәліметке сүйенсек, бір қыз  78 640 теңге, екі қыздың аналары 39 320 теңге айыппұл арқаласа, тағы бір қыз 15 тəулікке əкімшілік қамауда болған.

"Аталған факті бойынша 27 наурызда Атырау қаласының Полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 372-бабымен (Мемлекеттік рəміздерді қорлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптама тағайындалды, болған жағдайдың мəн-жайлары бойынша сауалда көрсетілген уəждер тексеріледі. Олардың нəтижелері бойынша құқықтық баға беріліп, қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылданатын болады. Қылмыстық қудалау органымен "Ozon" маркетплейсінің Қазақстандағы өкілдігіне қылмыстық құқық бұзушылықтар жəне басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мəн-жайларды жою жөнiндегi ұсыну (Қылмыстық процестік кодекстің 200-бабының тəртібінде) қылмыстық іс шеңберінде жолданды", - делінген жауапта.

Бас прокурор Берік Асылов "Ozon" сайтынан тиісті жазуы бар Қазақстанның Мемлекеттік Туына қатысты барлық жарнамалар алынып тасталғанын хабарлады.

"Сонымен қатар Мəдениет жəне ақпарат министрлігі маркетплейстерде діни материалдардың таралуын заңнамалық реттеу мəселесін қарастыруда. Онлайн-платформалар мен масс-медиада жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алу, зайырлы мемлекеттегі дін, киберқауіпсіздік, мемлекеттік-конфессиялық қатынастар, қазақ мəдениетінің дəстүрлі құндылықтары жəне т.б. туралы ақпараттық-түсіндіру контенттері жариялануда", - деп жазды Берік Асылов.

Айта кету керек, осыған дейін Атырауда Қазақстанның туын қорлап, суретке түскендер ұсталғанын жазған болатынбыз.  Мәдениет министрлігі Wildberries пен Ozon-ның мемлекеттік туды сату кезінде заң бұзғанын айтты.

Көк туды қорлаған қыздардың бірі 15 тәулікке қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу