"Көкарал бөгетін сақтап қалу" жобасы іске асырылуда

Қызылорда облысындағы суармалы жүйелерді қалпына келтіру жөніндегі жол картасы әзірленді.

"Көкарал бөгетін сақтап қалу" жобасы іске асырылуда Фото: tolqyn.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндама жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірге суармалы жүйелерді қалпына келтіру жөніндегі жол картасы әзірленді. Оның аясында облыста тасқын суларды жинақтау, суармалы суды бөлу мен есепке алу процестерін автоматтандыру арқылы ирригациялық инфрақұрылымды қайта құру мен жаңғырту шаралары жүргізіліп жатыр", – деп бастады сөзін аймақ басшысы. 

Өңірде суды бөлу мен есепке алу үшін жаңа технологияларды енгізу мақсатында халықаралық компаниялармен келіссөздер жүргізілуде. 

"Сырдария өзені мен Арал теңізіне қатысты жағдай қашан да өзекті. Соңғы 12 жылда Солтүстік Арал теңізінің суы 6,8 млрд текше метрге азайды. Өткен жылдан бастап 4,6 млрд теңгеге "Көкарал бөгетін сақтап қалу" жобасы іске асырылуда", – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Аталған бағдарлама 2024 жылы аяқталады. Оның аясында зақымдалған бөгетті қалпына келтіріп, теңізде су айналымын қалыптастыру арқылы тіршілік нәрінің тұздылығын төмендету жоспарда бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу