Көкөніс бағасы бір жылда 20%-ға қымбаттады

519

Алматы облысының тұрғындары бағаның өсуін айтарлықтай сезінді. 

Көкөніс бағасы бір жылда 20%-ға қымбаттады Фото: google

Өткен жылдың желтоқсан айының қорытындысына сәйкес жаңа піскен көкөніс бағасы бір жылда 19,2%-ға қымбаттады, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Ең жоғары баға өсімі Алматы облысында тіркелді (+32,2%). Антилидерлер үштігінде Түркістан (+30,3%) және Ұлытау (+27,1%) облыстары бар. Баға бір жылда ең аз қымбаттаған өңір – Батыс Қазақстан облысы (+4,6%). Республикада 20 өңірдің ішінде жаңа піскен көкөніс бағасы Павлодар облысында ғана төмендеді.

Қияр (+47,9%), пияз (+40,6%), қызанақ (+22,2%), картоп (+11,9%), қызылшаның (+1,5%) бағасы күрт өсті. Сәбіз бен ақ қырыққабат бағасы арзандады.

2022 жылғы қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша бұрыш (2,8 есе), қияр мен корнишон (85,7%), сарымсақ (76,2%), бақша дақылдарын (73,2%), қырыққабат (61%) және қызанақтың (45%) импорты өскені байқалды.

Бұл ретте картоп (31,8%), пияз (11,3%), асханалық сәбіз (3,4%), баклажан (2,6%) және асханалық қызылша (0,7%) импорты төмендеген.

Көкөніс экспортына келер болсақ, елімізден сыртқы нарықтарға бұрыш (63,6%), асханалық қызылша (62%), бақша дақылдары (56,1%), асханалық сәбіз (32,1%) пияз (31,8%) және сарымсақтың (18,5%) жеткізілімі артты.

Қырыққабат, қияр және корнишон, қызанақ, баклажан экспорты қысқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу