Көкөніс сақтайтын қойма жоқ

1382

Министрлік кәсіпкерлерді ынталандыру үшін субсидия және несие беруді жоспарлап отыр. 

Көкөніс сақтайтын қойма жоқ

Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ел аумағында сыйымдылығы 1 млн 800 мың тоннаны құрайтын 1 249 жеміс, көкөніс және картоп сақтау қоймасы бар дегенді хабарлап, бұл өнім сақтау үшін жеткіліксіз екенін айтты. 

"Қолда бар шикізат базасы сауда-логистикалық жүйенің дамымағанының салдарынан жыл бойы сапалы шикізаттың біркелкі жеткізіліп тұруын қамтамасыз етпейді. Тауарды өлшеп салу, кептіру, колибрлеу, тасымалдау секілді қызмет түрлерін жоқ деуге болады. Жекелеген өңірлерде жеміс, көкөніс пен тамақ өнімдерін сақтайтын қойма инфрақұрылымы жеткілікті деңгейде дамымаған. Әкімдіктердің алдына ала деректері бойынша республикада жалпы сыйымдылығы 1 млн 800 мың тонна болатын 1249 жеміс, көкөніс жәнке картоп сақтау орыны бар. Бұл жеткізілген өнімді сақтау үшін жеткіліксіз", – деді министр.

Сапархан Омаровтың айтуынша, картоп, қырыққабат, сәбіз, пияз, қызылша сақтайтын мамандандырылған орын қажет. 

"Ауыл шаруашылығы министрлігі өз тарапынан сауда-логистикалық инфрақұрылымның ажырамас бөлігі саналатын жаңа технологияларды енгізу, питомниктер шаруашылығын дамыту, сапалы тұқымдар мен көшеттерді пайдалану, суармалы жер алаңын кеңейту, заманға сай суару машиналарын пайдалану, сондай-ақ жемістер, көкөністер және картоп сақтайтын сыйымдылықтарды жаңғырту есебінен көкөніс, жеміс өндіру көлемін ұлғайту шараларын қабылдауда. Көкөніс сақтауға кәсіпкерлерді ынталандыру үшін министрлік 25% мөлшерінде инвестициялық субсидия, сондай-ақ "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие беруді көздеп отыр", – деді министр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу