banner

Көкөніс сататын дүкен өртеніп, 2 газ баллоны жарылды

368

Зардап шеккендер жоқ. 

Көкөніс сататын дүкен өртеніп, 2 газ баллоны жарылды Фото: Kazakhstan Today

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 5 желтоқсан, түнгі сағат 23:19-да Бостандық ауданы Тілендиев көшесі, № 363/1 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен, деп жазады inbusiness.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта жетті. Мамандар автотұрақтың аумағында орналасқан көкөніс сататын дүкеннің жанып жатқанын анықтады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін жоғары температураға байланысты бір газ баллоны жарылды, екінші баллон өрт сөндірушілер келген кезде жарылды.

Өрт сөндірушілер жанып жатқан ғимараттан қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, 50 литрлік 2 газ баллонын алып шықты", – деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Ведомство мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, автотұрақта тұрған көліктер өрт пен жарылыстан аман.

Жалын 4 минутта оқшауландырылып, 23:36 минутта толық сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Өрттің шығуына кінәлілер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы және Қылмыстық кодекстерге сәйкес жауапқа тартылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу