Көкшетау – Атбасар тас жолындағы апаттан 4 адам ажал құшты

261

Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

Көкшетау – Атбасар тас жолындағы апаттан 4 адам ажал құшты Фото: Бейнежазбадан

Жол-көлік оқиғасы 12 тамызда Көкшетау-Атбасар автожолының 16-шақырымында орын алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Алдын ала анықталғандай, Mini Cooper маркалы автокөліктің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Audi маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Audi жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Mini Cooper автокөлігінде болған тағы үш адам түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді", – деп хабарлады Ақмола облыстық ПД.

Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен Mini Cooper автокөлігінің жүргізушісі ұсталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу