Көкшетау қаласында жарты айдан бері қоқыс төгілмеген

531

Облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын-үй аулаларында қоқыстар тау боп үйіліп жатыр.  

Көкшетау қаласында жарты айдан бері қоқыс төгілмеген Фото: newtimes.kz

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мына қоқыстың төгілмегеніне жарты айға жуықтаған, деп жазады Inbusiness.kz.

Қалада жақында қоқыс тазалауға жауапты мекеме ауысқан. Аталған компания тазалық жасамақ түгілі, жұмысын әлі бастамаған. Оған техникаларының кешігіп жатқандығы себеп. Жалпы қаланың тазалығын қамтамасыз етуге бір емес, екі бірдей кәсіпорын ниет білдірген. Оларға бір апта сынақ мерзімі беріліпті.

"Соңғы шешімді біздің қоғам өкілдері қабылдайды. Қоғамдық кеңес 14 желтоқсан күні өтеді. Яғни, жаңа компанияларға бір апта уақыт беріледі. Осы уақыт аралығында жұмысы жақсы кәсіпорын таңдалады. Жыл соңына дейін мәселе шешіледі деп ойлаймын", - дейді қала әкімінің кеңесшісі Жанна Әбдірахманова.

Бұдан өзге, осы айдан бастап шығарылмай жатқан қоқысқа төленетін тариф екі есеге өскен. Қазіргі жан басына шаққанда 300 теңгеден айналады. Алдағы уақытта облыс орталығында заңды қоқыс полигоны ашылса, тариф бағасы 500 теңгеге дейін көтерілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу