Көкшетау маңында автобус бұзылып, Өзбекстан азаматтары эвакуацияланды

106

Петропавлдан Шымкентке баратын рейстік автобустың бұзылуына байланысты жолаушылар қиын жағдайға тап болды.  

Көкшетау маңында автобус бұзылып, Өзбекстан азаматтары эвакуацияланды Фото: Видеодан скриншот

ТЖМ қызметкерлері Астана–Көкшетау автожолында сынған автобустан 21 адамды дереу эвакуациялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жедел жеткен құтқарушылар барлық жолаушыларды эвакуациялап, оларды Көкшетау қаласындағы "Бейімдеу орталығы" жылыту пунктіне орналастырды.

Көлік құралы жөнделгеннен кейін жолаушылар жолын жалғастырады. Эвакуацияланғандар құтқарушыларға алғысын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу