banner

Көкшетау ЖЭО-дағы қондырғыларды салуға тендер өткізіледі

Энергетика министрлігі әлеуетті инвесторларды осы тендерге қатысуға шақырды.

Көкшетау ЖЭО-дағы қондырғыларды салуға тендер өткізіледі Фото: inbusiness.kz

Осымен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 15-6-бабының 3- тармағына сәйкес 2023 жылы Көкшетау ЖЭО жобасы бойынша жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізілетіні туралы хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

Министрлік әлеуетті инвесторларды осы тендерге қатысуға шақырды.

Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталу уақыты: Астана қаласының уақыты бойынша 2023 жылғы 4 қаңтар 09:00, тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдаудың аяқталу уақыты - Астана қаласының уақыты бойынша 2023 жылғы 31 қаңтар сағат 15:00.

"Тендер "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20  ақпандағы № 110 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10535 болып тіркелген) Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі", – деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Оның негізінде тендер өткізілетін жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлік құжаттама уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу