Көкшетауда 1500 оқушы бір мезетте "Бес асық" ойнады

140

Іс-шара білім беру жүйесінде ұлттық құндылықтарды ілгерілету және тәрбие жұмысының мазмұнын күшейту бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады. 

Көкшетауда 1500 оқушы бір мезетте "Бес асық" ойнады Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Көкшетау қаласында 27 мектептің 1500 оқушысы бір мезетте "Бес асық" ұлттық ойынын ойнады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ақмола облысында ұлттық спорт түрлерін дамыту жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бүгінде мектептерде 419 секция жұмыс істейді, онда оқушылар дәстүрлі ойындармен тұрақты айналысады.

Ұлттық ойындарды қамтитын тәрбиелік шараларды ұйымдастыру ұлттық бірегейлікті нығайтудың тиімді құралы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу