Көкшетауда әйелдер көшбасшылығын дамытуға арналған форум өтті

113

Форумға 500-ден астам қатысушы жиналды.

Көкшетауда әйелдер көшбасшылығын дамытуға арналған форум өтті Фото: gov.kz

Көкшетауда әйелдер көшбасшылығын дамыту, тәжірибе алмасу және іскерлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған "Aqmola Women Congress" өңірлік форумы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шара "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесі мен "AMANAT" партиясы Ақмола облыстық филиалының әйелдер қанатының бірлесуімен ұйымдастырылды.

Форум жұмысына "Атамекен" ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Ләззат Рамазанова, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Юлия Кучинская, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов, мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың, қоғамдық ұйымдардың және сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

Форумға мемлекеттік органдар, бизнес-қоғамдастық, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылар өкілдері қатысты. Биылғы жиынға өңірден 500-ден астам қатысушы жиналды.

Іс-шарада әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, мемлекеттік қолдау шаралары, қаржы құралдары және цифрлық мүмкіндіктер талқыланды. Сонымен қатар табысты бизнес тәжірибелері мен нақты жобалар таныстырылды.

Өңірде бүгінде 55 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісінің жартысына жуығын әйелдер басқарады. 2025 жылы қолдау тапқан 86 жобаның шамамен жартысын кәсіпкер әйелдер жүзеге асырды.

Форум аясында қатысушылар мемлекеттік қолдау тетіктерімен танысып, жаңа іскерлік байланыстар орнатуға және кәсіби даму мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік алды.

Форум қорытындысында әйелдер кәсіпкерлігі өңірлік дамудың маңызды қозғаушы күші екені атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу