Көкшетауда алаяқтың құрбаны болған екі зейнеткер 7,7 млн теңгесінен айырылды

75

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Көкшетауда алаяқтың құрбаны болған екі зейнеткер 7,7 млн теңгесінен айырылды Фото: Pixabay.com

Көкшетаудың екі қарт тұрғыны алаяқтардың құрбаны болды. Екеуі бір схемаға алданып, курьер-дроппер олардан 7,7 миллион теңге алып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Белгісіз біреулер зейнеткерлерге қоңырау шалып, немересі жол апатына түскенін айтқан. "Қылмыстық жауапкершіліктен құтылу" үшін қылмыскерлер қарт адамдардан ақша сұраған.

Полицияның мәліметінше зейнеткерлер ақша беруге келіскен. Кейіннен олардың үйіне белгісіз қыз келіп, қолма-қол ақша салынған пакетті алып кеткен: біреуінен 4,1 миллион, екіншісінен 3,6 миллион теңге. Курьер қаражатты дропперлердің банк шоттарына аударып, ол үшін сыйақы алған.  

"Жедел тергеу іс-шаралары барысында киберполиция қызметкерлері қыздың кім екенін анықтады. 20 жастағы қыз Telegram арқылы "жұмыс" тапқаны белгілі болды. Қазіргі таңда оның екі алаяқтық эпизодқа қатысы бар екені дәлелденді", – деп атап өтті полиция.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу