Көкшетауда ер адам ішінде иесі ұйықтап жатқан көлікті айдап кеткен

372

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Көкшетауда ер адам ішінде иесі ұйықтап жатқан көлікті айдап кеткен Фото: Бейнежазбадан

Көкшетауда ер адам салонда иесі ұйықтап жатқан көлікті мініп кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түнде дәмханадан шыққан 26 жастағы Петропавл тұрғыны мас күйінде біреудің Changan CS75 Plus көлігіне отырған. Ал бұл кезде көлік иесі алдыңғы жолаушылар орындығында ұйықтап жатқан.

Күдікті шамамен 10 метр жүргеннен кейін көлікті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тоқтатқан.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адамның іс-әрекеті "Ұрлау (айдап әкету) мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену" бабы бойынша сараланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу