Көкшетауда қару жасаған қылмыстық топ ұсталды

983

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Көкшетауда қару мен жарылғыш заттарды қолдан жасаған және оны сатуға қатысы бар қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы. 

Көкшетауда қару жасаған қылмыстық топ ұсталды

"2021 жылғы 15 сәуірде Көкшетауда ҚР ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті қару мен жарылғыш заттарды оны сатуға қатысы бар қылмыстық топтың көзін жойды", - деп жазылды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Топтың 3 мүшесі қару мен жарылғыз заттардың кезекті партиясын сату кезінде ұсталған.

"Жасырын цех жерүйде орналасқан. Ол ұсталғандардың біріне тиесілі болған. Іс-шара нәтижесінде 7 пистолет, 96 қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, 80 патрон, қару-жарақты жасауға арналған құралдар тәркіленді", - деп жазылды хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу