Көкшетауда кілтін жоғалтқан мас адам үйіне шатыр арқылы кірмек болған

290

Көкшетауда полиция қызметкері ер адамның өмірін құтқарып қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Көкшетауда кілтін жоғалтқан мас адам үйіне шатыр арқылы кірмек болған Фото: Полиция

Қалалық полиция басқармасына Юбилейный көшесіндегі үйдің төбесінде ер адамның секірмек болып тұрғаны туралы хабар түскен.

Шақыруға жедел жеткен патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Азамат Албақов шатырға көтеріліп, соңғы сәтте ер адамды ұстап қалды.

Белгілі болғандай, азамат мас күйінде пәтерінің кілтін жоғалтып алып, 5-қабаттағы үйіне шатыр арқылы түспек болған. Ол мұндай тәсілді бұрын да қолданғанын айтқан.

Полицей қайғылы жағдайдың алдын алып, ер адамға профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазір ол учаскелік инспектордың бақылауына берілді.

Полиция тұрғындарға мұндай қауіпті әрекеттерден бас тартып, кілт жоғалған жағдайда арнайы қызметке жүгінуге кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу