Көкшетауда құрылыс алаңында жұмысшы мерт болды

468

Жұмысшыны бетон араластырғыш машинаны тазалау кезінде тоқ соққан.

Көкшетауда құрылыс алаңында жұмысшы мерт болды

Көкшетау тұрғыны жұмыс орнында тоққа түсіп қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Оқиға 20 маусымда болған.

"Есіл АПБ кезекші бөліміне жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшерінен салынып жатқан нысандардың бірінде жұмысшы тоқ соққысынан қаза тапқаны туралы хабарлама келіп түсті. Ол Көкшетау қаласының 33 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы қаза тапқан ер адамның бетон араластырғыш машинаны тазалау кезінде өмірмен үйлеспейтін ток соққысын алғанын анықтады", – деп жазады ақпарат көзі.

Тергеу бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі (Қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу