Красный Яр ауылында полицейлер мотоцикл жүргізушісін тоқтатты, оның мінез-құлқы күдік тудырған.Тексеру барысында тәртіп сақшылары есірткіге мас болуының ықтимал белгілеріне назар аударды. Мән-жайды анықтау кезінде ер адам тыйым салынған заттың бір дозасын өз еркімен берді.
"Құқық бұзушының тұрғылықты жерін тексеру кезінде 8 қап пен 6 қапшық табылды, болжам бойынша ішіндегі зат – марихуана. Алдын ала мәліметтер бойынша, тәркіленген заттардың жалпы салмағы 5 келіден асады", – делінген хабарламада.
Алынған заттар сот сараптамасына жіберілді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.