Көкшетауда ұшақ бортында темекі шеккен шетел азаматына айыппұл салынды

385

Қытай азаматына 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды

Көкшетауда ұшақ бортында темекі шеккен шетел азаматына айыппұл салынды Фото: polisia.kz

Алматы – Көкшетау бағытындағы әуе рейсінде темекі шеккен қытайлық азаматқа айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған факт бойынша шетел азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 айлық есептік көрсеткіш (172 500 тг) мөлшерінде айыппұл салынды. 

Естеріңізге сала кетейік, ұшақ бортында темекі шегуге тыйым салынады және бұл құқық бұзушылық үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу