Полиция қызметкерлері интимдік қызмет көрсеткен 2 адамды анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Жедел іс-шаралар барысында облыс орталығының екі тұрғыны ұсталды. Тінту жүргізу кезінде 1 миллион 857 мың теңге, тергеу үшін маңызы бар ұялы телефондар мен өзге де заттар тәркіленді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері интимдік қызмет көрсеткен адамдарды анықтады", – делінген Ақмола облыстық Полиция департаменті таратқан хабарламада.
Ақмола облысының полиция департаменті адам саудасына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ притондар мен жеңгетайлықты ұйымдастыруға байланысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу ерекше бақылауда екенін атап өтті.