Көкшетауда 2007 жылы туған ер адам құрылыс алаңында 9 қабаттан құлап кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Құрылыс жұмысы жүргізіліп жатқан нысанда 2007 жылы туған азамат тоғызыншы қабаттан құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды", – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу