Көкшетауда жасөспірімді көлік қағып кетті

369

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Көкшетауда жасөспірімді көлік қағып кетті Фото: Quto.ru

Көкшетауда 15 жастағы жасөспірімді көлік қағып кетті деп жазады inbusiness.kz 716.kz порталына сілтеме жасап.

27 қыркүйек күні сағат 08.50-де қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел жәрдем станциясының қызметінен жергілікті облыстық балалар ауруханасына оң жақ жамбастың жабық сынуы диагнозымен жасөспірімнің жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жеткен полицейлер жергілікті колледждердің бірінде оқитын студенттің "Алатау" сауда үйіне қарама-қарсы жаяу жүргіншілер өткелінде жолға шығып кеткенін алдын ала анықтады. Салдарынан 31 жастағы "Volkswagen" көлігінің жүргізушісі тоқтауға үлгермей, жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу