Көкшетауда ЖЭО құрылысына тендер жарияланды

464

ҚР Энергетика министрлігі Көкшетауда ЖЭО құрылысына тағы да тендер жариялады.  

Көкшетауда ЖЭО құрылысына тендер жарияланды Фото: primeminister.kz

Біріншісіне бірде-бір өтінім түскен жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 15-6-бабының 3- тармағына сәйкес 2023 жылы Көкшетау ЖЭО жобасы бойынша жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер (бұдан әрі – тендер) өткізілетіні туралы хабарлайды және әлеуетті инвесторларды осы тендерге қатысуға шақырады" - делінген хабарламада.

Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталу уақыты: Астана қаласының уақыты бойынша 2023 жылғы 13 ақпан 09:00, тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдаудың аяқталу уақыты - Астана қаласының уақыты бойынша 2023 жылғы 15 наурыз, сағат 15:00.

Тендер "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 110 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10535 болып тіркелген) Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Оның негізінде тендер өткізілетін жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлік құжаттама уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланды. 

"2023 жылғы 31 қаңтарда Көкшетау қаласында ЖЭО құрылысы жобасы бойынша жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысына арналған тендер қорытындысын шығару жөніндегі тендерлік комиссияның отырысы өтіп, тендерге қатысуға өтінімдердің болмауына байланысты тендерлік комиссия тендерді өтпеді деп тану туралы шешім қабылдағанын атап өтеміз", - делінген ҚР Энергетика министрлігінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу