Соның салдарынан қыз түрлі дене жарақаттарын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Полиция мәліметінше, Volkswagen маркалы көліктің жүргізушісі мен қыздың арасында жолда келе жатқанда сөз таласы туындаған. Жанжал кезінде бойжеткен қозғалыста келе жатқан көліктен секіріп кетіп, өз өміріне қауіп төндірген. Салдарынан түрлі дене жарақаттарын алды.
Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін қыздың өзі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу