Көкшетауда жоғалған әйел 2 аптадан бері іздестіріліп жатыр

320

Полиция әйелге ұқсас адамның Бурабай курорттық аймағында байқалғанын мәлімдеп, тұрғындардан көмек сұрады.  

Көкшетауда жоғалған әйел 2 аптадан бері іздестіріліп жатыр Фото: Ақмола облысы ПД

Көкшетауда із-түзсіз жоғалған 48 жастағы әйелді іздеу жұмыстары екі аптадан бері жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысы полиция департаменті мәліметінше, Марал Құттыбайқызы Әбуова 12 маусымда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері онымен байланыс үзілген. Үйінде жұбайы мен кәмелетке толмаған екі баласы күтіп отыр.

Іздестіріліп жатқан әйелдің бойы шамамен 170 сантиметр, дене бітімі арықша, шашы қара, көзі қоңыр. Үстінде ақшыл түсті көйлек болған.

"Өтініш түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Бейнебақылау камераларының жазбалары тексеріліп, туыстары, таныстары және ықтимал куәгерлерден жауап алынды. Алдын ала мәлімет бойынша, іздеудегі әйелге ұқсас адам Бурабай курорттық аймағында байқалған", – деп хабарлады Полиция департаменті.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері Бурабайға келген тұрғындар мен туристерден мұқият болып, әйелді көрген жағдайда дереу хабар беруді сұрады.

Марал Құттыбайқызы Әбуованың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан 102 нөміріне немесе жақын жердегі полиция бөліміне хабарласу сұралады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу