Көкшетаулық студент аса ірі көлемдегі мефедронмен ұсталды

719

Көкшетаулық студент аса ірі көлемдегі мефедронмен ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.  

Көкшетаулық студент аса ірі көлемдегі мефедронмен ұсталды

Тағы бір салушы Көкшетау көшелерінде ұсталды. Бұл жолы жедел уәкілдер жергілікті колледждердің бірінің 19 жастағы студентін құрықтады. Жазғы демалыстың екі айында жас жігіт қаланың әртүрлі бөліктерінде мефедрон психотропты затын салып, фотосуреттерді кураторларға жібергені белгілі болды. Тергеу амалдары барысында полицейлер оның ұялы телефонын тәркіледі.

Тінту барысында полицейлер мефедрон психотроптық заттың аналогы құрамдас 64 “зиплок” қалташасын тауып алып, тәркіледі, сараптамаға сәйкес оның салмағы 22,64 грамды құрады.

Қазіргі уақытта аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу кезеңінде айыпталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу