Көкшетаулықтар аққуды аман алып қалды

537

Көкшетаулықтар жылы жаққа ұша алмай қалған аққуды аман алып қалды. Енді аққу Бурабай кентіндегі зоологиялық бақта қыстап шығады, деп жазады inbusiness.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.  

Көкшетаулықтар аққуды аман алып қалды Фото: egemen.kz

Қызыл кітапқа енген құс көктемге дейін Президенттің іс басқармасына қарасты "Бурабай даму" серіктестігінде болмақ. Әлсіреп, ұша алмай қалған құсты Көкшетау қаласының тұрғындары көріп, жергілікті полицияны шақырған. Полицейлер табиғат қорғаушы әіптестеріне хабарлаған. Сөйтіп, оқа жағалылар мен Ақмола облысының  орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлері аққуды Бурабайдағы зоологиялық баққа жеткізген.

"Балапан аққуды ветеринариялық тексеруден өткізіп, қабылдап алдық. Қатты қорқып қалғаны болмаса, зақымданған жері жоқ. Сүйегі сау, бұлшықеті бүтін. Биыл бізде қыстап шықса, көктемде еркіне жібереміз", - дейді ветеринар Ильдар Файзулин.

Айта кетейік, "Бурабай" мемлекеттік ұлттық паркінде құстың 197 түрі бар, олардың 14-і Қызыл кітапқа енген. Сұңқылдақ аққу да сирек кездесетін қанаттылардың бірі. Бұл - мақтадай аппақ, тек тұмсығының ұшы ғана сарғылт болып келетін ерекше құс. Бурабайдағы зообаққа әкелінген аққу есеймегендіктен, қанат-қауырысындары әлі толық ағара қоймаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу