"Көктемде "аяқ астынан" тасқын болып жүрмесін": Депутат дабыл қақты

321

Тасқын мен сел қаупі жөнінде уақытылы хабар беру жүйесін тексеру қажеттігі айтылды. 

 "Көктемде "аяқ астынан" тасқын болып жүрмесін": Депутат дабыл қақты Фото: freepik.com

Мәжіліс депутаты Ұлықбек Тұмашинов су тасқыны қаупі бар жерлердің картасын жасауды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Елімізде көктем түспей тұрып, көптеген аймақтарда тасқын жүру қаупі бар. Биыл Қазақстан аймақтарында ерекше климаттық ауытқу болып тұр. Бір жерде қар апталап жауып тұрса, содан қашық емес жерлерде тасқын болып жатыр. Жыл сайын болатын су тасқындары азаматтарымыздың өмірі мен мүлкіне қауіп төндіріп қана қоймай, отандастарымыздың моральдық-психологиялық деңгейіне де кері әсер етуде", - деді ол Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жолдаған депсауалында.

Халық қалаулысының дерегінше, биыл су көшкіні Шығыс Қазақстан облысы, Орталық Қазақстан, Ақтөбе облыстарында болуы ықтимал.

"Еліміздің азаматтары тағы да қиын-қыстау жағдайда қалмауы керек. Су тасқынына қарсы келесі шараларды Үкімет шұғыл қабылдауы қажет деп есептейді. Еліміздің барлық аумағында Су тасқыны қаупі бар жерлердің картасын   жасау, халыққа тасқын, сел қаупі жөнінде дер кезінде хабар беру жүйесін тексеру, Төтенше жағдайдар министрлігінің құтқару қызметтерінің азаматтарды дер кезінде қауіпті жерлерден алып шығу қабілетін қазірден тексеру және су тасқыны қаупі бар жерлердің барлығында тасқыннан қорғайтын қорғайтын дамбалар, контррегуляторлар, су өтетін өткелдер салу аса маңызды. Көктем кезінде "аяқ астынан" тасқын болып, тағы да біздің азаматтар зардап шегіп жүрмесін", - деп қорытындылады ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу