Көктемдегі ҰБТ: 99 талапкер тест тапсыра алмаған

967

Биыл наурызда өткен ҰБТ-да тыйым салынған заттарды алып өтпек болған 99 талапкер, тестілеуге кіргізілген жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Көктемдегі ҰБТ: 99 талапкер тест тапсыра алмаған

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, көктемгі ҰБТ-ға 105 мың талапкер қатысқан.

"Олардың 70%-дан астамы шекті балл жинады. Емтихандағы орташа балл – 69, ең жоғары балл – 135. Талапкерлердің 78,2%-ы қазақ тілінде, 21,7%-ы – орыс тілінде, 0,2%-ы – ағылшын тілінде тест тапсырды. 72  тестіленуші 130-дан аса балл жинады", – деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.

Сондай-ақ тестке тыйым салынған заттарды алып өту дерегі азайған.

"Алайда смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 99 талапкер тестілеуден өту мүмкіндігінен айырылды. Биыл тестілеу "бір компьютер – екі камера – бір тестілеуші" қағидаты бойынша жүргізіліп жатыр. Тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін 259 адам аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылды", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу