Көктемгі дала жұмысына 395 мың тонна дизель отыны бөлінді

608

Өңірлерге 259 мың жанар-жағармай жеткізілді. 

Көктемгі дала жұмысына 395 мың тонна дизель отыны бөлінді

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, науқанды жанар-жағармаймен қамтамасыз ету ісі ақпан айында басталды. Шара шеңберінде 395 мың тонна дизель отыны бөлінді.

"26 мамырдағы жағдай бойынша бекітілген кестеге сәйкес, 314 мың тонна дизель отынын немесе барлық көлемнің 80%-ын жеткізу бойынша шарт жасалды. Өңірлерге 259 мың тонна дизель отыны жөнелтілді", – деді Сапархан Омаров.

Министрдің мәлімдеуінше, көктемгі дала жұмысы ауыл шаруашылығы техникасымен тиісінше қамтылған. 

"Жыл сайын машина, трактор паркін жаңарту және егіс техникасының заманауи түрлерін сатып алу бойынша жұмыс жүргізіледі. Министрлік облыстық әкімдіктермен бірлесіп, карантин кезінде сервистік қызметтердің, сондай-ақ жөндеу бригадаларының кедергісіз қозғалуына қатысты мәселелерді оң шешті", – деді Сапархан Омаров.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу