Көктемгі егіс науқанын жүргізуге 450 мыңға жуық техника дайын - АШМ

655

Ауыл шаруашылығы құрылымдарында 149,8 мың трактор, 4,9 мыңнан астам жоғары өнімді егіс кешені, 76 мың тұқым сепкіш, 219 мың топырақ өңдеу құралдары бар.  

Көктемгі егіс науқанын жүргізуге 450 мыңға жуық техника дайын - АШМ Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Оның сөзінше, көктемгі егіс жұмыстарын оңтайлы мерзімде жүргізу мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қажетті ресурстармен қамтамасыз етіліп жатыр.

"Республикада бір мезгілде бірнеше технологиялық операцияларды орындайтын қазіргі заманғы егіс кешендерінің 4,9 мыңнан астам бірлігінің болуы дәнді дақылдар алаңдарының 70%-ын себуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған техникалардың дайындығы шамамен 95%-ды құрайды. Егіс жұмыстарын жаппай бастау алдында 100%-ға дайын болады", - деп атап өтті вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу