Көктемгі егіс науқанына дайындық басталды

235

Наурыз айының соңына дейін дайындық жұмыстары толығымен аяқталады.  

Көктемгі егіс науқанына дайындық басталды Фото: Inbusiness.kz

Бүгінгі таңда техника 80 пайыз дайын тұр. Ал тұқымның 92 пайыздан жоғары қоры әзірленген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, былтырғы шаруалар үшін оңай болған жоқ. Жаз айларындағы қуаншылықтың арты күзде толассыз жауған жауынға ұласты. Салдарынан көбі көктемде еккен егіндерін жинай алмай қалды.

Астықтың сапасы түсіп, субсидиялау жүйесінің істен шығуы жығылғанға жұдырық болды. Өйткені диқан қауымның өтініші қабылданбай қалған. Қуантарлығы, биыл сол өтініштер қайта қаралып, тиісті қаражат бөлінетін болды.

"Субсидияның көлемі былтыр 420 миллиард болатын. Шаруашылықтар жұмыс істеп, біраз мал алып, сүт те өндірді. Сондықтан біз қосымша 90 миллиард сұраған болатынбыз. Соның 64 миллиарды былтыр берілді. Қалғаны бидайды тура сатып алуға кетті. Қазір бюджетте 430 миллиард бар. Соны наурыз айынан бастап алмаған адамдар бірінші соны алады", - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу