Көктемгі егіс жұмыстарында туындайтын проблемаларды дереу шешу керек – Әлихан Смайылов

562

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Көктемгі егіс жұмыстарында туындайтын проблемаларды дереу шешу керек – Әлихан Смайылов

Премьер-министр Ақмола облысындағы басым міндеттердің бірі – егіс науқанын сапалы жүргізіп, уақытылы аяқтау екенін атап өтті.

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеңілдетілген несие беріліп, оның көлемі 70 млрд теңгеден 140 млрд теңгеге дейін ұлғайтылған.

"Ең бірінші міндет – бөлінген қаражаттың әрбір фермерге дейін жетуін қадағалап, көктемгі егіс жұмыстары кезінде туындайтын проблемаларды дереу шешіп отыру", — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ ол өңірдегі шаруалармен кездесіп, олар көтерген мәселелерді мұқият тыңдап, уәкілетті мемлекеттік органдарға оларды шешу жолдарын пысықтауды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу