Синоптиктер болжамына сәйкес, солтүстік-батыс циклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі.
"4 наурыз күні елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, сондай-ақ ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу