Көктөбенің аумағы уақытша жабылады

497

Осыған байланысты қалалық әкімдік тұрғындар мен қонақтардан бағытын алдын ала жоспарлап, аталған шектеуді ескеруді сұрайды.  

Көктөбенің аумағы уақытша жабылады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

25 қыркүйек күні сағат 00:00-ден 17:00-ге дейін Көктөбе аумағы келушілер үшін толықтай жабық болады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осы уақыт аралығында:

  • аспалы жолдың жұмысы тоқтатылады;
  • автокөлік қозғалысына шектеу қойылады;
  • жүргіншілер бағыттары мен соқпақтарына кіруге болмайды.

"Уақытша қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз. Түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу