banner

Қоқыс өңдеу үлесін 2021 жылға дейін 21 пайызға жеткізу жоспарлануда

900

Қазақстанда қоқысты сұрыптау, қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша барлығы 160-тан астам кәсіпорын жұмыс істейді.

Қоқыс өңдеу үлесін 2021 жылға дейін 21 пайызға жеткізу жоспарлануда

Қазақстанда 2021 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін 21%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда, деп хабарлайды LS.

Сондай-ақ энергетика министрлігінің мәліметінше, биыл бұл көрсеткіш 14%-ға дейін, ал 2020 жылы 18%-ға дейін артуға тиіс.

Өткен жылы елдегі ҚТҚ көлемі 4,3 млн тоннаны құрады. Оның 11,5%-ы яғни 497 мың тоннаға жуығы сұрыпталған.

Қазіргі уақытта Алматы облысында өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және тамақ қалдықтарын қайта өңдеуде биогаз қондырғыларын пайдалануды жолға қою жөнінде инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, қазірдің өзінде кейбір қолданыстағы қоқыс өңдейтін кәсіпорындар резеңке қиындылары, қағаз, пеш отыны, шыны ыдыстар, тротуарлық плиткалар, полиэтилен қаптар, кәріз құбырлары және т.б. шығарады.

Қазақстанда қоқысты сұрыптау, қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша барлығы 160-тан астам кәсіпорын жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу