Қоқыс полигонынан табылған қыздың анасы анықталды

528

Полиция "Адам өлтіру" бабы бойынша істі тергеп жатыр.

Қоқыс полигонынан табылған қыздың анасы анықталды

Сарқан қаласындағы қоқыс полигонынан қыздың денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өңірдегі полиция депарматентінің мәліметінше, 17 мамырда Сарқан қаласындағы қоқыс полигонынан 4-5 жасар қыздың денесі табылған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бала мен оның анасы кім екені анықталды. Полицейлер қыздың анасы 19 жастағы жергілікті тұрғын екенін анықтады. Оның айтуынша, қыз 2017 жылы туған. Ол церебральды сал ауруымен ауырған, әрі туа бітті ақыл-ой кемістігі болған. Биыл ақпанда бала ауырып, кенеттен қайтыс болған. Кейін анасы мен ағасы қызды қаланың шетіне жасырын жерлеген", - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша іс тергеліп, тиісті сараптама тағайындалады.

Қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды. Күдіктілер айғақ беру үшін аудандық полицияға жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу