"Қоқыссыз таза табиғат" жалпыұлттық акциясы

725

Алматы қаласында 8 қазанда осындай атаумен сенбілік өтеді деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қоқыссыз таза табиғат" жалпыұлттық акциясы

Алматы әкімдігі қаланың барлық тұрғындары мен қонақтарын акцияға қатысуға және табиғатты қорғауға шақырады. Шараға барлық тұрғындар мен қала қонақтарын шақырады.

Акция Үлкен және Кіші Алматы шатқалындағы ең танымал туристік орындарды қамтиды:

1) Бутаковка шатқалы – орманшы үйінен "Бутаковка" төменгі сарқырамасына дейін;

2) Ақбұлақ – Көк Жайлау – "Ақбұлақ" аялдамасынан Көк Жайлау үстіртіне дейін;

3) Казачка шатқалы – Казачкадағы жабық шлагбаумнан Көк Жайлау үстіртіне дейін;

4) Қимасар шатқалы – қараусыз қалған үйден Қимасар шатқалындағы кемпинг аймағына дейін;

5) Өтпелі шатқалы – тас аялдамадан "Қыздың көз жасы" сарқырамасына дейінгі аралықтарды қамтиды.

Бастамаға қоғамдық ұйымдар, азаматтық белсенділер, студенттер және еріктілер қосылады деп күтілуде. Сенбілікке қатысқандар қажетті заттар, ланч-бокстармен қамтамасыз етіледі және арнайы көлікпен тасымалданады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу