Қоқысты белгіленбеген жерге тастағандар 43 250 теңге айыппұл төлейді

307

Қоқысты кез келген жерге тастағандар заңнаманы бұзған болып саналады.

Қоқысты белгіленбеген жерге тастағандар 43 250 теңге айыппұл төлейді Фото: Getty Images

Қоқыс салынған пакетті подъезге қалдыру, саябақта бөтелке тастау немесе қоқысты жәшіктің жанына қою – айналаны ластап қана қоймай, заң бұзушылыққа жатады, деп жазады inbusiness.kz сайты Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабына (Қоғамдық орындарды ластау) сәйкес, коммуналдық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. 

Қоғамдық орындарды алғаш ластағандарға 10 АЕК (43 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады.

Ал бір жыл ішінде бұл құқық бұзушылық қайталанса, 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу