Қолайсыз ауа райы кезінде 320 жолаушы электр пойыздарымен тасымалданды

176

Аталған жедел шаралар жолаушыларды уақытылы және қауіпсіз тасымалдауға бағытталды.  

Қолайсыз ауа райы кезінде 320 жолаушы электр пойыздарымен тасымалданды Фото: rail-news.kz

Бірқатар автомобиль жолдарының жабылуына байланысты ҚТЖ электр пойыздарында қосымша шамамен 320 орын ұйымдастырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

30 желтоқсанда ұлттық тасымалдаушы төмендегі бағыттар бойынша 320-дан астам жолаушыны қосымша тасымалдады:

  • Шідерті станциясынан Астанаға №7509 пойызымен – 43 жолаушы;
  • Ерейментау станциясынан Астанаға №7509 пойызымен – 24 жолаушы;
  • Астана станциясынан Павлодарға №7502 пойызымен – 50 жолаушы;
  • Көкшетау станциясынан Астанаға №6830 пойызымен – 28 жолаушы;
  • Бурабай курорты станциясынан Астанаға №6830 пойызымен – 16 жолаушы;
  • Қарағанды станциясынан Астанаға №7553 пойызымен – 13 жолаушы;
  • Астанадан Қарағандыға №6858 пойызымен – 49 жолаушы;
  • Макинка станциясынан Астанаға №6830 пойызымен – 7 жолаушы;
  • Ақкөл станциясынан Астанаға №6830 пойызымен – 6 жолаушы;
  • Аршалы станциясынан Астанаға №7553 пойызымен – 7 жолаушы;
  • Қарағанды станциясынан Астанаға №7556 пойызымен – 65 жолаушы;
  • Көкшетау станциясынан Астанаға №7508 пойызымен – 15 жолаушы.

Ұлттық тасымалдаушы азаматтарды сапарларын жоспарлау кезінде ауа райы жағдайларын ескеруге шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу