Павлодарда жалған құжат жасаған студенттер ұсталды

1079

 Күдіктілердің үстінен қылмыстық іс қозғалған. 

Павлодарда жалған құжат жасаған студенттер ұсталды

Павлодарда полицейлердің қызметтік куәлігін заңсыз жасаған 2 студент ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары 2021 жылдың 10 ақпанында instagram-дағы @hooligan.market парақшасына мониторинг жүргізген.

"Тексеріс барысында сағат 13.40-та ҚР ІІМ қызметкерлерінің қызметтік куәлігін дайындау және өткізу туралы видео хабарландыру орналастыру фактісі анықталды", - дейді Павлодар облысы ПД басшысының орынбасары Рашад Өтеуов.

Оның айтуынша, орталық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары жалған құжат жасады деген күдікпен Павлодар мемлекеттік университетінің 2 студентін анықтаған.

"Олар ұсталды. Студенттер ҚР Ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік куәлігін заңсыз жасаған", - дейді облыстық ПД басшысының орынбасары.

Рашад Өтеуов полиция жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау және өткізу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты.

"Күдіктілерден қызыл түсті куәліктердің мұқабасы, процессор, принтер тәркіленді. Тиісті сараптама тағайындалды", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу