Көлеңкелі экономика ЖІӨ-ге шаққанда 23,62%-ке дейін төмендеді

778

ҚР Қаржы министрінің міндетін атқарушы Берік Шолпанқұлов көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі шараларды баяндады.

Көлеңкелі экономика ЖІӨ-ге шаққанда 23,62%-ке дейін төмендеді

Оның айтуынша, ҚР 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында 2025 жылға қарай ЖІӨ шаққандағы көлеңкелі экономика үлесін 20%-ке дейін төмендету индикаторы көзделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін Үкімет Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған шаралар жоспарын жүзеге асыруда. Жоспардың негізгі бағыттары: салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру; қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды дамыту; қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл және заңнаманы жетілдіру болып табылады. Жоспарда қабылданған шаралар арқылы өткен жылы көлеңкелі экономика жалпы ішкі өнімге шаққанда 23,62%-ке дейін төмендеді", – деді Б. Шолпанқұлов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Әсіресе, сауда саласында көлеңкелі экономиканың айтарлықтай төмендегені байқалады (10,7%). Өзге де салалар бойынша – Көлік және қоймалау – 17%, Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 9,7%, Құрылыс – 8,3%, Өңдеу өнеркәсібі – 6,5% дейін төмендеген.

"2019 жылы бюджетке қосымша 1,5 трлн теңге түсті. Түсімнің негізгі сомасы – шамамен 916 млрд теңге салық және кедендік цифрландырудан түскен. Қалған 580 млрд теңге басқа бағыттарға тиесілі", – деді спикер.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу