Қайырбек Өскенбаев: Көлік бағасы ертең қалай болатынын айту қиын

993

Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев көлік бағасының қымбаттауы туралы пікір білдірді. 

Қайырбек Өскенбаев: Көлік бағасы ертең қалай болатынын айту қиын

"Отандық көліктер бағасы тұрақты болуы үшін барлық шараларды қабылдап жатырмыз. Жеңілдетілген автонесие бойынша 10 млн теңгеге дейін несие беріледі деп топшылаймыз. Бірақ одан қымбатқа сатып алуыңызға да болады. Артығын өзіңіз төлейсіз", – деді Қайырбек Өскенбаев. 

Оның  айтуына сүйенсек, 4%-дық автонесие бойынша сәуір айының аяғына дейін шешім шығады.

"Қазақстандық автомобильдердің бағасы айтарлықтай өседі деген болжам жоқ. Бірақ бағалардың күн сайын құбылып тұрғанын айту керек. Ертең қандай болатынын айту қиын. Бірақ кейбір позициялар бойынша төмендеу тенденциясы да бар", – деді Өскенбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу