Көлік қозғалысы толық қалпына келтірілді

1113

Елде 18 әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Көлік қозғалысы толық қалпына келтірілді

Қазақстанда көлік қозғалысы толық қалпына келтірілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Барлық аймақта автобус қызметі, барлық теміржол вокзалы және барлық жолаушы, жүк пойызының қозғалысы қалпына келтірілді. Республикалық маңызы бар автожолдарда көліктерге шектеу жоқ", – деді министр.

Қайырбек Өскенбаев елде әуежайлар жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.

"Елдегі 20 әуежайдың 18-і штаттық режимде жұмыс істейді. Алматы және Талдықорған әуежайлары қызметі тоқтатылды. Алматы қаласының әуежайы қызметін қайта бастауға техникалық тұрғыда дайын. Алайда құзыретті органдардың тиісті шешімі қажет", – деді ведомство басшысы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу