Көлік министрлігі Қарағанды облысындағы ұшақ апатына қатысты түсінік берді

299

Бүгінгі таңда тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Көлік министрлігі Қарағанды облысындағы ұшақ апатына қатысты түсінік берді Фото: rt.com

Көлік министрінің міндетін атқарушы Талғат Ластаевтың сөзінше, кез келген ұшақ апатының себебі ретінде үш нұсқа анықтап қаралады, деп жазады inbusiness.kz.

Үкімет отырысынан кейінгі брифингте тілшілер Қарағанды облысындағы ұшақ апатының себебі туралы сұрады.

"Апаттан кейін бірден тергеу амалдары басталды. Мамандар оқиға орнына барды. Жалпы кез келген апатта негізгі үш нұсқа қарап тексеріледі. Біріншісі – адами фактор, екіншісіне техниканың істен шығуы жатса, ең соңғысына метеожағдайлар және т.б. сияқты сыртқы әсер жатады. Барлық үш нұсқа анықтап қаралады", - деді ол.

Талғат Ластаев қаза тапқан ұшқыш-инструктордың ұшу сағаттары жеткілікті болғанын жеткізді.

"Ұшқыш-инструктор Жуковский атындағы әскери әуе академиясының оқу орталығында бастапқы дайындықтан өтті. Куәлік 2019 жылы берілді. Ал 2003 жылы туған курсант Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтының курсанты болды", - деп толықтырды спикер.

Еске салайық, Қарағанды облысында ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу