Штаб құрамына Азаматтық авиация комитетінің, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ, "Қазаэронавигация" РМК, Эйр Астана, Fly Arystan, SCAT және Vietjet Қазақстан авиакомпанияларының өкілдері кіреді.
Отырыс барысында келесі мәселелер талқыланды:
1) Таяу Шығыс елдеріндегі ағымдағы жағдай;
2) тоқтатылған рейстердің жолаушыларын қолдау шаралары;
3) авиакомпаниялардың баламалы және қауіпсіз авиамаршруттарды пайдалана отырып, жолаушыларды Қазақстанға қайтару жөніндегі жоспарлары.
Қазіргі уақытта келесі мемлекеттерде: Иран, Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Кувейт, Иордания, Сауд Арабиясы, Катар, Оман, Ирак және Ливан әуе кеңістігі жабық немесе тұрақсыз жағдай сақталып отыр. Осыған байланысты, осы елдерден Қазақстанға 28 ақпанда 14 рейс және 1 наурызға 12 рейс тоқтатылды.
Сондай-ақ, ұшу кестесі бойынша Таяу Шығыс елдерінен 2 наурызға 13 рейс жоспарланған.
– Сонымен қатар ұшулар шектеумен орындалып жатқан елдер бойынша мониторинг нәтижелері, аталған мемлекеттердегі жолаушылар саны, оның ішінде ҚР азаматтарының жағдайы қаралды. Отандық әуе компанияларымен бірлесіп Таяу Шығыс елдерінен азаматтарды алып келу үшін баламалы әрі қауіпсіз әуе бағыттары қаралды, – делінген министрлік хабарламасында.
Әуе кеңістігі ашылған жағдайда әуе компаниялар әуе кемелерін ұсынуға және кері рейстерді орындауға дайын екенін мәлімдеді.
Жедел штаб тұрақты негізде мониторинг жүргізіп, мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуде.
Жолаушыларға жедел көмек көрсету мақсатында Авиациялық әкімшілік базасында тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталық ұйымдастырылды:
+7 (717-27) 7-98-21
+7 (717-27) 9-82-13
+7 (717-27) 9-82-14
Рейстер мәртебесі бойынша жолаушыларға келесі байланыс нөмірлеріне жүгіну ұсынылады:
Air Astana
+7 (727-24) 4-44-77
+7 (717-25) 8-44-77
+7 (702-70) 2-44-77
FlyArystan
+7 (727-33) 1-10-10
WhatsApp: +7 (702-70) 2-02-27
SCAT Airlines
+7 (725-29) 9-88-80
Qazaq Air
+7 (727-35) 6-14-14
Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай
+7 (717-27) 0-29-99
Алматы халықаралық әуежайы
+7 (727-22) 8-00-19