Көлік министрлігінде халықаралық тасымалдарға рұқсат беру тәртібі талқыланды

101

Бот арқылы рұқсат беру жүйесі талаптарының бұзылуын жедел тексеруге болады.  

Көлік министрлігінде халықаралық тасымалдарға рұқсат беру тәртібі талқыланды Фото: ҚР Көлік министрлігі Telegram

Көлік министрлігінде халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды. Жиынға сала қауымдастықтарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отырыста халықаралық тасымалдарға рұқсат беру және тасымалдаушыларды халықаралық жүк тасымалына жіберу қағидаларына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.

Жұмыс тобы шетелдік рұқсаттарды беру және пайдалану тәртібін жетілдіру, рұқсат беру жүйесінің тиімділігін арттыру және тасымалдаушыларға қолайлы жағдай жасау жөнінде ұсыныстарын айтты.

Сондай-ақ жұмыс тобы мүшелерінің ұсынысымен автокөлік құралдарында рұқсат беру жүйесі талаптарының бұзылуын жедел тексеруге мүмкіндік беретін Telegram-боттың жұмысы қайта іске қосылады.

Рұқсат беру жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс министрлік пен сала өкілдерінің бірлесуімен жалғасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу