Көлік полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдікті ұстады

161

Тексеру барысында ұсталған күдіктінің өз елінде аса ауыр қылмыс жасағаны анықталды.

Көлік полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдікті ұстады Фото: canva

Қазіргі уақытта күдікті Шымкент қаласындағы тергеу изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көліктегі полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Түркістан облысында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында көрші мемлекеттің 42 жастағы азаматын ұстады.

Тексеру барысында ұсталған азаматтың өз елінде аса ауыр қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталды.

Полиция қызметкерлері іздеуді жариялаған тарапқа хабарлады.

Қазір экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу