Бүгінгі күні көліктегі ПД кинологиялық қызмет орталығында 31 іздестіру иті қызмет етеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Департаменттің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлерімен бірлесіп, есірткі заттарын заңсыз тасымалдау немесе сақтау фактілерінің жолын кесу және анықтау мақсатында барлық жүк бөлімшелері, сақтау камералары мен күту залдары тексеріледі.
Еліміздің оңтүстік өңірлерінен келетін, сондай-ақ Қырғызстан мен Өзбекстан республикаларынан қатынайтын халықаралық жолаушылар пойыздарында профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Бұдан бөлек, "Қазпошта" АҚ объектілерінде және теміржол көлігі арқылы тасымалданатын почта жөнелтілімдері мен бандерольдар тұрақты тексеріледі.
Жыл басынан бері көлік полицейлері қызметтік иттерді 3335 рет қолданды. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 78 есірткі құқық бұзушылығы анықталды. Заңсыз айналымнан 160 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді.
Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі теміржол көлігі объектілерінде, яғни, 63-і теміржол вокзалдарында, 11-і жолаушылар пойыздарында тіркелген.
Сондай-ақ, екі фактіден әуежайлар мен "Құрық" портының аумағында анықталды. Мәселен, осы жылдың маусым айында "Қарасора-2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түрксіб станциясының аумағында қызметтік-іздестіру итінің көмегімен 103 келіден астам өсімдік тектес марихуана табылып, тәркіленді. Сөйтіп, есірткі жеткізудің ірі арнасының жолы кесілді.