Көлік прокуратурасы ИИДМ шешіміне наразы

422

Мәселе 15 жастан асқан балалардың жеке ҚТЖ қызметтерін алу мүмкіндігіне қатысты.

Көлік прокуратурасы ИИДМ шешіміне наразы Фото: Википедия

Көлік прокуратурасы жоспарлы талдау нәтижелері бойынша Инвестициялар және даму министрінің 30.04.2015 ж. “Теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын бекіту туралы” бұйрығына наразылық білдірді, деп жазады Inbusiness.kz Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

"Осы Қағидаларға сәйкес 15 және одан асқан балалар "ҚТЖ "ҰК" АҚ-ның қызметтерін заңды өкілден нотариалды куәландырылған жазбаша келісім мен сенімхат болған жағдайда ғана дербес пайдалана алатыны анықталды.

Ал бұл нормада Азаматтық кодекске және "Нотариат туралы" Заңға сәйкес "келісімді" куәландыру мен "сенімхат" беру екі өз алдына бөлек нотариаттық іс-әрекет екені ескерілмеген", - делінген хабарламада.

Салдарынан, жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша, жолсеріктер жоғарыдағы Қағидаға сілтеп, 15 жастан асқан жолаушыларды пойызға отырғызбай не жолда түсіріп отырған.

Шағым нәтижелі болып, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі прокуратураның наразылығын толық көлемде қанағаттандырды және "ҚТЖ "ҰК"АҚ бір ғана құжаттың (нотариалды куәландырылған келісім) болуы бойынша осындай қызметтер көрсету туралы нұсқау берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу