Көлік саласының жалпы ішкі өнімдегі үлесі 8 пайыздан асады

857

 Көлік саласының жалпы ішкі өнімдегі үлесі 8 пайыздан асады

Биылғы жолдаудың көлік-логистикалық инфрақұрылымы тиімділігін дамыту мәселесіне арналған республикалық кеңес өтті. Кеңесте төрағалық еткен ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин трансқұрлықтық дәлізді әрі қарай дамыту, цифрлық технологияны өндіріске ауқымды түрде енгізуді жүзеге асыру мәселесіне назар аударды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі. 
"Қазіргі таңда еліміздегі көлік саласы жалпы ішкі өнімнің 8% астамын құрайды. 2017 жыл қорытындысы бойынша экономикалық өсім 4% болса, көлік саласы өсімінің қозғаушы күші ретінде 4,8% құрады", - дейді ҚР премьер – министрінің бірінші орынбасары.

ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек көлік саласының бәсекелестікке сай көтерілуі мен Қазақстан экономикасының тұрақты дамуындағы рөліне тоқталды.

Қазіргі таңда көлік инфрақұрылымын дамыту Қазақстан экономикасының көрсеткіші өсуіне ықпал етті. Қазақстандық тасымалдаушылардың экспорттық, импорттық, транзиттік автотасымалдауындағы үлесі артып келеді. 2017 жылы отандық тасымалдаушылар 52 пайыздық үлеске шықты.

"Биылғы жылы барлық өңірлерде "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында құрылыс және қайта жарақтандыру мақсатындағы 23 жоба жүзеге асырылып, 4,2 мың шақырым жол қамтылды. Қазақстан тұңғыш рет осындай аса ауқымды жұмыстарды бастады", - деп атап өтті министр.

Кеңесте "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшысы Қанат Алпысбаев баяндама жасады. Ол көлік инфрақұрылым саласындағы жүк ағындарының қамтамасыз етілуіне тоқталды.

Оның айтуынша, Биылғы жыл басынан бастап "Цифрлық темір жол" бағдарламасы өндіріске енгізілуде. "Цифрлық теміржол" бағдарламасын жүзеге асыру жоспарлау сапасын көтереді. Жылу- энергетикалық ресурстардың шығынын үнемдейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу